ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Samsung-тың жаңа сматфонының суреті желіге тарап кетті

Samsung-тың жаңа сматфонының суреті желіге тарап кетті

 Samsung-тың қорғанысы күшейтілген жаңа сматфонының суреті желіге тарап кетті. Гаджет Samsung Galaxy S8 Active деп аталады. Бұл суреттерді өзінің Twitter-дегі парақшасына танымал инсайдер Эван Блэсс жариялаған. Қазіргі уақытта жаңа аппараттың сатылымға шығарылу уақыты белгісіз. Алайда, жасырын дереккөздері арқылы оның сипаттамалары белгілі болды. Алдын ала мәлімет бойынша, гаджет SoC Qualcomm Snapdragon 835 процессерінде жұмыс істейді. Сондай-ақ, 5,8 дюймдық, 2960 x 1440 пиксель ажыратымдылығы бар Super AMOLED дисплейімен жабдықталған. Телефонның экраны Gorilla Glass 5 беріктігі жоғары шынысымен қорғалмақ. Бұдан бөлек, аппарат 4 ГБ жеделжадымен және 64 ГБ флэш-жадымен жабдықталады. МicroSD карталарын 256 ГБ-қа дейін "көтере" алады. Қазіргі таңда оның камерасы 8 және 12 Мп болуы мүмкін деген болжам бар. Құрылғының аккумуляторының сыйымдылығы 4000 мА/сағ. құрамақ. Айта кетер жайт, оны сымсыз режимде қуаттауға болады.

Пікір: 0
Пікір қосу