ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » "Нұр Отан" партиясының комиссиясы облыстағы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында соғылып жатқан құрылыс нысандарының жұмыс барысын тексерді

"Нұр Отан" партиясының комиссиясы облыстағы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында соғылып жатқан құрылыс нысандарының жұмыс барысын тексерді

"Нұр Отан" партиясының қалалық және облыстық филиалдары Партиялық бақылау  мүшелері, мемлекеттік "Нұрлы жол" бағдарлама бойынша салынып жатқан құрылыс нысандарына тексеру жүргізді . Акцияға сондай-ақ, облыстық және қалалық мәслихаттарындағы депутаттық фракция мүшелері де қамтылды.

«Нұрлы жол» бағдарламасы елімізде инфрақұрылымдық проблемаларды шешуді қамтамасыз етуге бағытталған, бұл үшін Ұттық қордан елеулі қаражат бөлінуде. Осы бөлінген қаражаттың игерілуі партиялықтардың қатаң бақылауында. Пайдалануға берілген құрылыс нысандары бұл күндері қалай жұмыс істеуде? Нұротандықтар осы мәселені шешуге басты назар аударуда.

Рейд барысында топ мүшелері облыс орталығында салынып жатқан үш құрылыс нысандарында болды. Бұл Шөлдала алқабында салынып жатқан 900 орындық, Бәйтерек шағын ауданындағы 1200 орындық мектептері мен қала орталығындағы №24 мектеп-гиназиясына қосымша соғылып жатқан жапсарлас құрылыс нысандары.

«Бәйтерек» шағын ауданындағы жалпы құны 1,8 миллиард теңге мектеп құрылысын «ТаразҚұрылысИнвест» компаниясы жүргізуде. Биылғы жылға бөлінген 468 млн. теңгенің 400 млн. теңгесі қазірдің өзінде игерілді. Мердігер мекеме өкілдерінің хабарлағанындай, мектеп келесі жылдың аяғында оқушыларды қабылдайтын болады. Бұл үлкен мектепте «Арай» ықшам ауданының 1200-дей баласы оқитын болады. Құрылыстың жалпы ауданы 66 мың шаршы метр шамасында. Оқу орнының жалпы алаңы 4,4 гектарды құрап, бұл осы аймақтағы ең үлкен оқу орны болмақ.

Бұл нысан Назарбаев Зияткерлік мектебі және «Тараз Арена» спорт сарайы сияқты үлкен-үлкен ғимараттармен қатар орналасқан.

Партиялықтарды жобаның қазақстандық мазмұны мен пайдаланылатын материалдардың сапасы қызықтырды. Мердігерлер қазақстандық мазмұнның кем дегенде 90 пайызға, ал пайдаланылған материалдардың қазіргі заманауилығына және сапалы екендігіне сендірді.

Ал Шөлдала алқабындағы мектептің құрылысын «Арайстроймаркет 2003» компаниясы жүргізуде. Құрылыс нысаны 1,8 млрд. теңгені құрайды. Биылғы жылға оның 813 миллион теңгесі бөлінген. Шамамен 650 миллион теңге игерілді.

Партияның облыстық филиалының партиялық бақылау инспекторы Ерғали Омаровтың айтуынша, бұл аудан қала шетінде орналасқан, ал жергілікті мектеп оқушыларын сыйдыра алмай, олардың көпшілігі қала орталығында оранасқан мектептерге барып оқуға мәжбір, бұл үлкен қолайсыздық тудырып отыр,-деді.

Сондықтан жаңа мектепті мыңдаған балалар мен олардың ата-аналары күтуде. Нысан келесі жылдың соңына дейін салынады.

№24гимназиясы ғимаратының жапсарлас құрылыс табысты жүргізілуде. Нысанның мердігері - елордалық «Astana UP» компаниясы, нысан жобасының жалпы сомасы 691 миллион теңге. Жоспар бойынша 2018 жылдың шілдесіне тапсыру жоспарлануда. Жаңа ғимарат мектепте тағы 300-ге жуық оқушы оқытуға мүмкіндік береді,- партия бақылау комиссиясының мүшесі Абай Құралбаев.

Партиялықтардың айтуынша құрылыс нысандарында  ешқандай ауытқу немесе бұзақылықтың байқалмайтынын атап өтті. Барлығы уақытылы тапсыратын болады, бәлкім одан да бұрын беріліп қалуы мүмкін деді.   Нысандардың құрылысының барысы үнемі бақылауда болады.

Пікір: 0
Пікір қосу