ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Елімізде алдағы тәуліктерде күн жылиды

Елімізде алдағы тәуліктерде күн жылиды

 Еліміздің солтүстік-шығысындағы циклон Батыс Сібірге бет алып, Еділден антициклон ауады. «Алдағы үш тәулікте республиканың батыс аймақтарында жауын-шашын болмайды, ауа температурасы көтеріледі», – дейді «Қазгидромет» мамандары. Алматыда да күн жылиды. Арқада бүгін-ертең тұман түседі. Бірақ жұмаға таман күн шайдай ашылуы тиіс. Лаура Сайлыбаева, инженер-синоптик: - Астана қаласында 5 қазан күні бұлтты ауа райы күтілуде. Кей уақытта қар жауып, тұман және көктайғақ болады. Солтүстік Батыстан жел соғады. Күші секундына 5-10 метр, екпіні 14 м/с-қа жетеді. Ауаның температурасы күндіз -1,-3 градус болады. Түнде 0 градус, ал қазанның 6-сы, 7-сі жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде. Ауаның темпертурасы түнде  -3,-5, ал 6 қазанда күндіз +2,+4, 7 қазанда +6,+8 градус болады.
Дереккөз: 24.kz

Пікір: 0
Пікір қосу