ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Таразда дүниеге үшем келді

Таразда дүниеге үшем келді

Байзақ ауданы,  Сарыкемер  ауылының тұрғыны 21 жасар  Айдана Төлетаева Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында 2017 жылдың 22 қыркүйек күні  өмірге үшем әкелді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

 

Кішкентай қыздардың есімдері Раяна, Саяна, Даяна.

 Жүктіліктің 33 аптасында операциялық жолмен туылған үш баланың салмақтары – 1,700, 1,600, 1,790 келі.

Үшемнің әкесі  - Кирбасов Дулат жұмыссыз. Бұл олардың алғашқы қуанышы.

Жүктіліктің 12-ші аптасында Айдана Төлетаева тұрғылықты мекен-жайы бойынша емханаға тіркеліп, үнемі дәрігерлердің бақылуында болған, соның арқасында ешқандай асқынусыз дүниеге дені сау сәбилерді әкелді.

Қазіргі уақытта сәбилердің анасы мен бүлдіршіндерінің жағдайы жақсы. Дәрігерлердің айтуынша, балаларды күту бойынша тиісті шаралар толығымен орындалды.

 

 

 

Пікір: 0
Пікір қосу