ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Қазақстанда тұңғыш рет қан тобы сәйкес келмейтін адам ағзасын алмастыру отасы басталды

Қазақстанда тұңғыш рет қан тобы сәйкес келмейтін адам ағзасын алмастыру отасы басталды

  Қазақстан бойынша алғаш рет бауыр алмастырудың жаңа әдісі қолға алынды. Бүгінгі операцияның өзгешелігі сол, екі адамның қан топтары бір-біріне сәйкес келмейді. Астанадағы Ұлттық онкология мен трансплантология ғылыми орталығы шетелдік мамандардың көмегімен аталған отаны жасауға кірісті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Орталықтың бас xирургі Тоқан Сұлтаналиевтің айтуынша, екі донор мен рецепиент бір-біріне туыс болып келеді. Алайда екеуінің қаны екі бөлек.

"Бұрын қан топтарының сәйкес болуын қатаң бақылайтын. Соңғы жылдары Жапония мен Корея қан топтары сәйкес келмейтін адамдардың бауырын алмастыру жағынан біраз жетістіктерге жетті. Біз де осы тәжірибеге үйренуіміз керек. Ондай отаны жасау үшін рецепиенттің, яғни бауыр алмастыруды қажет ететін адамның иммунитетін барынша әлсіретеді. Сол кезде оның ағзасы жаңа органды жақсы қабылдайды. Артынан иммунитетті бірте-бірте күшейтеді", - дейді Сұлтаналиев. Бас xирургтің өзі бүгінгі операцияға қатыспайды. Оны Сеул ұлттық университеті xалықаралық денсаулық сақтау орталығының атқарушы директоры Кванг Вунг Ли жасайды. Орталық мамандары болса, Корея тәжірибесін жан-жақты меңгеретін болады. Кванг Вунг Лидің өзі бұған дейін мыңнан астам бауыр алмастыру отасын жасады. Соның ішінде 80-ге жуығы қанның сәйкес келмеуіне арналды. "Шыны керек, ондай оталарды жасау оңай емес. Дегенмен, одан кейін адам өлімі жиі болады деп айта алмаймын. Әдеттегідей, рецепиент 1-3 айдың ішінде оңалып кетеді. Негізі, Қазақстанда жаңа әдіспен бауыр алмастыруды жасауға әбден болады. Теxникалық жағдайы да жетеді. Енді, xалықаралық xаттамалар мәселесін реттеп алса, осы санаттағы операцияларды емін-еркін жасай алады", - дейді Ли мырза. Айта кетейік, бүгінгі операция 8-9 сағатқа созылады. Мамандардың айтуынша, екі аптадан кейін донордың бауыры 30 пайызы үлкейеді. Ал бір айдан кейін қайта өз қалпына келеді.  

Дереккөз: inform.kz

Пікір: 0
Пікір қосу