ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Таразда былғары аяқкиім фабрикасы өндірістік қуатын арттырды

Таразда былғары аяқкиім фабрикасы өндірістік қуатын арттырды

  Тараз былғары аяқкиім фабрикасы өндірістік қуат Таразда былғары аяқкиім фабрикасының өндірістік қуаты едәуір артып келеді. Кәсіпорында өткен жылы 135 мың дана аяқкиім шығарылса, биыл өнім көлемі 9 айда 125 мыңға жетіп отыр. Мұнда бәсекеге төтеп беру үшін сапаға баса мән беріледі. Осының арқасында нарықта отандық тауарға деген сұраныс көбейген. Қазір экспортқа шығару мақсатында көршілес елдермен келіссөздер жүргізіліп жатыр Фабрикада Германиядан әкелінген қондырғының көмегімен 60 түрлі аяқкиім шығаруға мүмкіндік бар. Қазір негізінен жұмысқа, әскер мен күш құрылымдарына арналған аяқкиімдер тігіліп жатыр. Жыл соңына дейін 160 мың данасын шығару жоспарланып отыр. Шара Қоспанова, тігін цехының шебері: – Сәндік аяқкиім бар. Қазіргі кезде біз Қорғаныс министрлігіне әскери аяқкиім тігіп жатырмыз. Бізге бұлар тапсырыспен келеді. Күніне біз мыңға дейін істейміз. Барлығы бізде таза былғарыдан жасалады. Табиғи таза өнім дейді ғой. Өндіріске қажетті шикізаттың 85 пайызы – отандық өнім. Қалғаны көрші елдерден алынады. Негізгі материал былғары. Оны кәсіпорын халықтан қабылданған мал терісінен өздері өңдеп дайындайды. Мұхтар Шаюнусов, аяқкиім фабрикасы директорының орынбасары: – Бізде өзге елдерге экспорттауға келісім бар. Бастапқыда Ресей мен Қырғыз еліне жібермекпіз. Бұл жоспарымызды 4-тоқсанда жүзеге асырамыз деп отырмыз. Кәсіпорынның артықшылығы – бізде шикізаттан дайын өнімге дейін шығарылады. Қазір кәсіпорын тек ерлерге арналған аяқкиім түрлерін жасап жатыр. Жуырда әйелдер мен балалар аяқкиімін шығаруды қолға алмақ. Жалпы мұнда 360 адам жұмысқа тартылған.

Дереккөз: 24.kz

Пікір: 0
Пікір қосу