ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » ХХ “Шабыт” халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өтеді

ХХ “Шабыт” халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өтеді

ХХ «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалі 3-7 қараша аралығында Астанада өтеді. Қатысушылардың өтініштері 20 қазанға дейін қабылданады.

Дереккөз: Shabyt-astana.kz

Шабыт фестивалі

Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша фестиваль келесі номинациялар бойынша өтеді:

I. «Классикалық музыка» номинациясы (фортепиано, скрипка, АВАК (альт, виоленчель, контрабас) академиялық ән салу);

II. «Бейнелеу өнері» номинациясы (кескіндеме, қолданбалы өнер);

III. «Ұлттық музыка» номинациясы (домбырамен ән салу, халық аспаптар ансамблі, домбыра);

IV. «Цирк өнері» номинациясы

V. «Үздік әдеби шығарма» номинациясы (Проза, жасөспірімдерге арналған шығармалар);

VI. «Актерлік шеберлік» номинациясы.

Айта кетейік, фестивальға қатысу үшін материалдарды келесі мекенжайға жолдау қажет: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана. Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Бейбітшілік к-сі, 11.

Толық ақпарат алу үшін фестивальдің ұйымдастыру комитетіне хабарласу керек. Байланыс телефондары: тел: +7 (7172) 556771,+7 (7172) 557409

Пікір: 0
Пікір қосу