ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Головкин World Boxing News ұсынған WBC чемпиондар рейтингінде көш бастап тұр

Головкин World Boxing News ұсынған WBC чемпиондар рейтингінде көш бастап тұр

  Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) нұсқасы бойынша әлем чемпиондары рейтингін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап. Рейтингте бірінші орынды орта салмақта WBC белдігінің иесі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) иелеп отыр. «Ешқандай күмәнсіз, Андре Уорд кеткеннен кейін ол әлемнің бірінші нөмірі.

Қазір Головкин «Канело» Альвареске қарсы 2018 жылы өтетін тағы бір суперайқасқа дайындық үстінде», - деп жазады басылым. Екінші орында бірінші жартылай орта салмақта WBC чемпионы америкалық былғары қолғап шебері Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) тұр. Оның жерлесі, жеңіл салмақта өнер көрсететін Майки Гарсия (37-0, 30 КО) үшінші орынға орналасқан. Ал World Boxing News жариялаған WBC чемпиондарының үздік ондығы төмендегіше: 1. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) 2. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) 3. Майки Гарсия (37-0, 30 КО) 4. Кит Турман (28-0, 22 КО) 5. Висаксил Вангек (44-4-1, 40 КО) 6. Ваенхонг Менайотин (48-0, 17 КО) 7. Деонтей Уайлдер (38-0, 37 КО) 8. Мигель Берчельт (32-1, 28 КО) 9. Адонис Стивенсон (29-1, 14 КО) 10. Гэри Расселл (28-1, 17 КО).

Дереккөз: inform.kz

Пікір: 0
Пікір қосу