ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Доллар бағамы едәуір төмендеді

Доллар бағамы едәуір төмендеді

 Теңгенің 1 АҚШ долларына қатысты орташа бағамы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында 334,22 теңгені құрады. 

Сәрсенбі күнгі, 11 қазандағы  сауда-саттыққа қарағанда доллар бағамы 1,65 теңгеге төмендеген.

Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға 334 теңге деңгейінде болса, ең жоғары курс 334,7 теңгені көрсеткен. Сауда көлемі 97,55 млн доллар болды.

Сәрсенбі күні доллардың бағамы таңғы сессия қорытындылары бойынша 1 долларға 335,87 теңге, күндізгі сессияда 335,27 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 335,54 теңге болған.

Сауда-саттықтың жалпы көлемі 273,3 млн долларды құраған.

Дереккөз: Kase.kz

Пікір: 0
Пікір қосу