ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Қазақстанда пойыз қозғалысы жылдамдайды

Қазақстанда пойыз қозғалысы жылдамдайды

  «ҚТЖ» ҰК» АҚ жол жөндеу бөлімшелері 270 шақырымдық теміржолда күрделі жөндеуді жүзеге асырды. «240 шақырымда рельстердің жолтабандары түгелдей ауыстырылды. 70 шақырымға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 7,5 мың шақырымдық магистральдық желі бойында ауыр жол машиналарымен рельс түзету, жөндеу, топырақ қабатын қайта жаңғырту жұмыстары атқарылды», - дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - Магистральдық желі дирекциясының Жол және имараттар департаментінің директоры Аманқос Баймағамбетов.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, магистральдық желінің дер кезінде жөндеуден өткізілуі нәтижесінде жолаушылар пойызы 104 шақырымдық жол телімінде, «Тұлпар-Тальго» пойыздары 76 шақырымдық жол телімінде, контейнерлік пойыздар 43 шақырымда, жүк қозғалысы республикалық темір жолдарында 86 шақырымдық желіде қозғалыс жылдамдығын бұрынғыдан арттыра алады. Қазіргі таңда магистральдық желідегі теміржол нысандарын қалыпты ұстау мен пайдалану жұмыстарын жақсарту шаралары белгіленген кестеге орай жалғасуда. Жоспарлы тапсырманы  уақытында орындау межеленіп отыр.

Дереккөз: inform.kz

Пікір: 0
Пікір қосу