ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Топ-10: 2017 жылғы қазақстандық ең үздік фильмдер

Топ-10: 2017 жылғы қазақстандық ең үздік фильмдер

 1. “Алмас қылыш” Рүстем Әбдірашов

 

Сонымен топ басын тарихи фильм бастайды. “Қазақ елі” сериалының кино нұсқасы жыл басында көрерменге жол тартқан болатын. Ілияс Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясының негізінде түсірілген фильм Қазақ хандығының қалыптасу кезеңінен сыр шертеді.

2. “Ақерке, Мен сені сүйемін” Мейірім Арғынбаева, Назия Назарбек

 

“Ақерке, Мен сені сүйемін” фильмі мыңдаған жүректерді тебірентті. Өмірде болған шын оқиғаға негізделген кинокартинаны Қазақ Ұлттық өнер университеті студенттері түсірген. Басты рөлде – олардың жақын досы, әрі группаласы Ақерке есімді қыз. Студенттер төртінші курс оқып жүрген кездерінде оның ауырып жүргенін біледі. Қан рагі тез арада қымбат емді қажет етеді. Қаржыны жинау мақсатында Ақеркенің достары және оның айналасындағы жақын адамдары Астана қаласы бойынша қайырымдылық концертін ұйымдастырады. Біреулер қолдан жасалған бұйымдар, тағы бір достары кітаптар, сабын және тағы сол сияқты заттарды сатады. Еріктілер екі аптаның ішінде Ақеркені Турцияға емделуге жіберу үшін 24 мың доллар көлемінде қаржы жинайды. Кетер алдында достары ол жайлы фильм түсіруге уәде берген. Өкінішке орай Ақерке бұл өмірден өтіп кетеді. Алайда достары сөздерінде тұрып, ол жайлы кино түсіреді. Мыңдаған жүректі бір жерге тоғыстырған үміт, қайырымды іс туралы фильм көрерменге осылайша жол тартқан болатын.

3. “Бәрі еркектердің кесірінен” (Все из-за мужикoff) Виктор Бормото

 

Қазақстандық режиссер Виктор Бормотовтан тағы бір комедия жанрындағы фильм. Қазақстандық танымал актер Тәуекел Мүслім, Territima есімімен танымал Мұрат Бисембин, Жания Джуринская, Сая Оразғалиева, Данияр Алшиновтар ойнайтын бұл комедия үш еркек және тек қана әйелдер бар әлем жайында. Кино сюжеті Астана қаласында орын алады. Фильм қаһармандары әйелдер әлемінің ішінен көруге мүмкіндік алады. Алғашқы кезде оларды барлық қыздар алақандарында аялап, жігіттер қалаған барлық армандарды орындайды. Осының әсерінен олар бұл жерді жұмақ екен деп ойлайды. Алайда шынтуайтына келгенде бәрі керемет емес еді. Жігіттер өмірінің соңына дейін әйелдердің кумирі болып қалғысы келе ме, әлде олар қарапайым өмірге қайтып оралуды қалай ма? Кинокартинадан тамашалай аласыздар.

4. “91/Ninety one” Асқар Ұзабаев

 

Биографиялық мюзикл жанрында түсірілген Асқар Ұзабаевтың фильмі атышулы Ninety one тобының тарихын баяндайды. Қазақылыққа жат көрінген жаңа бағыттағы топ, бастапқыда халық тарапынан және өнер жолындағы әріптестерінен көп сынға ұшырады. Кей қалаларда концерттерін өткізбей тастады. Бәрі жоғалғандай көрінген сәтте өз іштерінен күш тауып, олардың өнерлерінің құны бар және өз фан зонасыны қалыптасқан топ екенін дәлелдей түсті. Олардың осы қиын уақытта басынан кешкен қызық сәттерін және ішкі толғаныстарын көрсететін фильм тамыз айында көрерменге жол тартты.

5. “Мұраға қалған махаббат” (Любовь по наследству) Нияз Абдигапар

 

Қыркүйек айында экранға шыққан фильм 30 жастан асып кеткен ағалы-інілі Арсен мен Арманның өмірін көрсетеді. Олардың әліде отбасыда, балаларыда жоқ. Бір күні олардың әкелері балаларының басын қосады. Отбасылық жиналыс кезінде аналары ауыр жағдайда есінен танып түседі. Осыдан соң ана оларға шарт қояды. Егер ата-анасының таныс отбасыларының қыздарын алып, немере сүйгізбесе, жігіттер мұрасыз қалады. Дүние үшін күрес кезінде ағайындылар көптеген сынақтардан өтіп, кімнің нағыз дос, кімнің жау екенін анықтайды.

6. “Питерден келген оралман” (Оралман из Питера) Ален Ниязбеков

 

Фильм композитор Арман Дүйсеновтің продюцер ретіндегі алғашқы жұмысы.

Кинокартина үш талантты жігіттен тұратын музыкалық топ жайында. Олардың біреуі Питерден келген. Жігіттердің басын бір арман тоғыстырған – танымал болу. Міне, осылайша олар инструменттер сатып алуға Астанаға келеді. Жолда аспап сатып алуға арналған қомақты қаржыны жоғалтып алады. Бұл үштік үлкен сцена, табынушылар, жақсы материалдық жағдай жайында армандайды. Танымалдыққа жолды музыкалық конкурстар арқылы іздейді. Егер жеңетін болса, барлығы сиқырлы таяқшының көмегімен сияқты әп-сәтте өзгеретініне сенеді. Бірақ әзірге тек қиындықтар күтіп тұр.

Әрине, фильмде махаббат бар. Бас кейіпкер, қыз, бай отбасынан.

Фильмде екі басты қыз кейіпкерлер бар – Аружан мен Жадыра. Аружан – қазақтың тәрбиелі инабатты қызы. Жадыра – керісінше, продюсер және жігіттердің ойларының іске асуына көмектеседі.

Сюжет бойынша Jingle тобы 100 мың доллар сыйақысы бар музыкалық конкурсқа қатысады. Танымалдық үшін олар бәріне дайын!

7. “Келін, олда адам” (Келинка тоже человек) Асқар Ұзабаев

 

Картина сюжеті ене мен келін арасындағы қиын қарым-қатынас жайында. Бақытты отбасы махаббат пен шыдамдылықты қажет етеді. Бір күні таңертең кейіпкерлердің жандары ауысып кетеді. Осының арқасында олар өмірге мүлдем басқа қырынан қарай бастайды. Ене мен келін өздері үшін бұдан қандай сабақ алды, фильмнен көре аласыздар.

Кино тек қана қызықты оқиғаны баяндап қоймай, өмірдің әртүрлі қиын сәттерінде қалай жол табу керектігін үйретеді.

8. “Мажорлар” (Мажоры) Жәнібек Гусманов

 

Қазіргі таңда барлық жастардың мүмкіндіктері бірдей емес. Алайда, бұл бұрынырақта осылай болған. Адамдардың әлеуметтік деңгейі әртүрлі. Сондықтанда балалар әрқилы жағдайда дамуға мүмкіндік алады. Көптеген дүние қызықтарына қаржысы жоқ  қарапайым қыз-жігіттер байдың балаларын ұната бермейді. Бай ата-аналар баласына сұрағанының бәрін беріп өсіреді. Ондай жағдайға үйреніп кету оңай, ал алғың келгеннен бас тарту – қиын. Алайда өмірдің өзіндік тосын сыйлары бар. Тағдыр тартуының барлығы тәтті бола бермейді.

9. “Наурыз.kz” Асқар Бисембин

 

Әр жылы біз ғажайыпқа толы көктемнің келуін күтеміз. Ал ғажайып – әкімнің комада жатып ауылды басқаруы…

Ғажайып – американдықтың алыс Шымкенттен туыстарын табуы…

Ғажайып – махаббат үшбұрышының қатысушыларының жасы 200-де болуы…

Ғажайып – ең әдемі қыз бизнесменге емес, қарапайым таксиске бұйыруы

Ғажайып – шексіз махаббаттың студенттік шәкіртақыға өмір сүруі

Көктем – ол Наурыз, барлық армандар орындалар сәт!

10. Арман/Когда ангелы спят… Рашид Сүлейменов

 

Қайрат Нұртастың 12 қазанда көрерменге жол тартатын киносын 2017 жылдың топ-10 фильм қатарына қоспауға болмады. Әзірге алдын-ала көрсетілімі (предпоказ) ғана болып өткен кинокартинаның сапасы, сюжеті жөнінде ақпарат болмағанымен, әншінің миллиондаған фанаттарының арқасында фильм топ-10-да топ бастайтынына сенімдіміз.

Басты рөлдерде Қайрат Нұртас және оның жары Жұлдыз Абдукарим ойнайды. Фильмнің продюсері әншінің анасы – Гүлзира Айдарбекова.

Дереккөз: baribar.kz

Пікір: 0
Пікір қосу