ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Әлемдік мұнай бағасы көтерілді

Әлемдік мұнай бағасы көтерілді

 Лондон және Нью-Йорк биржаларында өтіп жатқан сәрсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы біршама қымбаттады.

Лондонның ICE Futures биржасында желтоқсан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері бір баррельге 0,33 долларға дейін көтеріліп, 56,94 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы қараша айында жеткізілетін мұнай фьючерстерінің бір баррелі 0,38 долларға қымбаттап, 51,3 долларға жетті.

Дереккөз: kaz.365info.kz

Пікір: 0
Пікір қосу