ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Таразда Шерхан Мұртазаның 85 жылдығына арналған республикалық жабық жыр мүшәйрасы өтті

Таразда Шерхан Мұртазаның 85 жылдығына арналған республикалық жабық жыр мүшәйрасы өтті

Бүгін Жамбыл атындағы «Руханият» орталығында «Заманның заңғар тұлғасы» атты республикалық жастар арасындағы жабық жыр мүшәйрасының марапаттау рәсімі болып өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.

 

Қазақстанның халық жазушысы, қарымды қаламгер, журналист Шерхан Мұртазаның 85 жылдық мерейтойына орай ақпан айында «Заманның заңғар тұлғасы» атты республикалық жастар арасындағы жабық жыр мүшәйрасы жарияланған болатын. Мүшайраға Тараз қаласы мен аудандардан, басқа да облыстардан барлығы 25 үміткер шығармаларын өткізді.

 

Аталмыш ақындар жарысына Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма төрағасының бірінші орынбасары – Жанарбек Әшімжан, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі – Қайырбек Асанов, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы – Көсемәлі Сәттібай, «Жас Алаш» газеті бас редакторының орынбасары – Оралхан Дәуіт, Жамбыл атындағы «Руханият» орталығының меңгерушісі – Ахметжан Өзбеков қазылық еткен болатын. Ақпан айында жарияланған жабық мүшәйраның шешімі жуырда алдын-ала өткізілген отырыс барысында белгілі болған еді. Марапаттау рәсіміне жүлдеге ие болған ақындар шақырылды.

 

Мүшәйрада Шерхан Мұртазаға арнауын айтып, бас жүлдені Жамбылдық Хамит Есаман еншіледі. Ал, І орынды Оңтүстік Қазақстан облысының атынан қатысқан Батырхан Сәрсенхан алды. Жамбылдық Табиғат Абаилдаев ІІ орынға ие болса, Астаналық Ажар Ерболғанова ІІІ орынды еншіледі. Ал, Жамбыл облысынан қатысқан ақындар Арайлы Жақсылық, Данияр Әлімқұл, Әлишер Сәрсенбіұлы, Батыс Қазақстаннан бағын сынаған Талап Шерхан  ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

 

 

Ақбота Қажымұқан

 Дереккөз: «ZhambylNews» ақпарат агенттігі

 

Пікір: 0
Пікір қосу