ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Жамбыл облысында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты аймақтық форум өтті

Жамбыл облысында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты аймақтық форум өтті

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының бастамасымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің жастар сарайы ғимаратында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты аймақтық форумы өтті.

 

Аталмыш іс-шараға «Нұр Отан» партиясы облыстық, аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының, және партия облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының мүшелері, құқық қорғау органдарының, ҮЕҰ өкілдері,  ЖОО мен колледж студенттері,  сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Форум басталмас бұрын М.Х.Дулати атындағы ТАРМУ  студенттері жемқорлыққа қарсы екендіктерін «флешмоб» биі арқылы көрсетті.

Облыстық форумды ашу үшін алғашқы сөз «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеевке берілді.

Ол өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың мемлекет дамуына, оның экономикасының қарыштап өсуіне және қоғамның саяси тұрақтылығына қатер тигізер сыбайлас жемқорлықтың қазіргі жағдайын сөзге тиек етті.

-Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет» деген, міндеті ауқымды, жауапкершілігі биік сөздеріне әрбір ел азаматы үнемі зер салып отыруы қажет екенін де атап өтті.

Іс-шара барысында Төлендиев Қасымхан – партия ардагері, «Жаңару» жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» қоғамдық бірлестігі Тараз қалалық филиалының директоры, Махусеев Зайнуддин- Дүнген этно мәдени бірлестігі жанындағы «Ақжелкен» жастар қанатының төрағасы, сондай-ақ, Алдашов Бақтияр – «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағалары сөз сөйледі.

- Ішкіпартиялық тәртіпті бұзған партия мүшелерінің саны 2014 жылмен салыстырғанда бүгінгі күнге 3 есеге азайғаны байқалады,-деді партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Бахтияр Алдашов.

 - Соңғы екі жылда партия Жарғысы мен партия мүшесі Этика кодексінің талаптарын бұзғаны үшін соңғы екі жылда 62  партия мүшесінің партиялық жауапкершілігі қаралып, 25 партия мүшесі сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін партия қатарынан шығарылды. Біздің басты мақсатымыз – 30 дамыған елдің қатарына қосылу,-деді ол.

Форум  партияның облыс жұртшылығына арнаған үндеуімен аяқталды.

 

Пікір: 0
Пікір қосу