ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Жамбыл облысында салық төлемдері 121,6% құрады - МКД

Жамбыл облысында салық төлемдері 121,6% құрады - МКД

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жамбыл облысы бойынша МКД 2017 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы, 2017 жылдың 4-тоқсанының міндеттері» тақырыбында баспасөз-конференция өтті.

 

Жиынға Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарлары Өмірзақов Ерлан Ролланұлы, Шабдар Нұрлан Аманкелдіұлы, Жамбыл облысы бойынша МКД-нің Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Палванова Сағадат Әбдезқызы

қатысып, облыстағы атқарылған бірқатар жұмыстарға тоқталып, алдағы ауқымды жұмыстарды да баян етті.

Сағадат Әбдезқызы өз баяндамасында, 2017 жылдың 1 жарты жылдығының жағдайы бойынша Мемлекеттік бюджеттің салықтар мен кеден төлемдерінің орындалуы 118,4 пайызды құрады. Болжам – 49647,1млн. теңге болса, нақты түсім 58789,2млн. теңге, немесе 9142,1млн. теңгеге артық түсті. Өткен жылмен салыстырғанда түсім 7125,5 млн.теңгеге артқан, өсу қарқыны - 113,8 пайыз.

Республикалық бюджеттің орындалуы 124,2 пайыз немесе 4322,6млн. теңгеге артқан, болжам – 17840,6 млн.тенге, нақты түскені – 22163,2 млн. тенге.

Өткен жылмен салыстырғанда 879,5 млн.теңгеге кем түсті, өсу қарқыны- 96,2 пайызды құрады.

Оның ішінде:

Салық төлемдері бойынша болжамның орындалуы 121,6 пайызды құрады немесе түсім 2865,3 млн. теңгеге артқан, яғни болжам 13274,5 млн. теңге болса, нақты түсім 16139,8 млн. теңге.

Кеден төлемдері бойынша болжамның орындалуы 131,9 пайызды құрады немесе түсім 1457,3млн. теңгеге артты, яғни болжам 4566,0 млн. теңге болса, нақты түсім 6023,4 млн. теңге.

Барлық аудандар бойынша түсімдер 100 пайыздан аса орындалып отыр.

Жергілікті бюджеттің түсімі болжам бойынша 31806,4 млн. теңге, нақты түскені 36625,9 млн. теңге, яғни 4819,5 млн. теңгеге артқан немесе 115,2 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда жергілікті бюджетке 8005,0млн. теңге артқан немесе 128,0пайызды құрады.

Барлық аудандар бойынша түсімдер 100 пайыздан аса орындалып отыр.

Оның ішінде:

Облыстық бюджет бойыншаболжамның орындалуы 121,1 пайызды құрады немесе түсім 3046,5 млн. теңгеге артқан, яғни болжам 14415,4 млн. теңге болса, нақты түсім 17461,9 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 2689,3млн. теңгеге артық, өсу қарқыны 118,2пайызды құрады.

Аудандық бюджет бойынша болжамның орындалуы 110,2 пайызды құрады немесе түсім 1772,9 млн. теңгеге артқан, яғни болжам 17391,1 млн. теңге болса, нақты түсім 19164,0 млн. теңге, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 5315,6млн. теңгеге артық, өсу қарқыны 138,4 пайызды құрады,- деп сөзін түйіндеді спикер.

Пікір: 0
Пікір қосу