ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Жамбыл облысында 30 алаяқтық құқық бұзушылықтар тіркелген

Жамбыл облысында 30 алаяқтық құқық бұзушылықтар тіркелген

2017 жылдың 30 қыркүйек күніне дейін Экономикалық тергеу қызметінің тергеу өндірісінде СДБТК (ЕРДР) 104 қылмыстық іс болған. Мұндай деректерді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарлары Өмірзақов Ерлан Ролланұлы, Шабдар Нұрлан Аманкелдіұлы, Жамбыл облысы бойынша МКД-нің Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Палванова Сағадат Әбдезқызы айтты.

 

Нұрлан Аманкелдіұлының сөзіне сүйенсек, Экономикалық тергеу қызметінің нағыз бағытталған жұмыстарының нәтижесінде 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда экономикалық құқық бұзушылықтар саны салыстармалы кезеңмен төмендеген.

Атап айтқанда, 2017 жылдың 9 айында СДБТК мына құқық бұзушылықтар тіркелген :

· Алаяқтық(ҚР ҚК-інің 190 бабы)- 30 қылмыстық іс,(2016 жылы осы кезеңде -69 іс)

· Бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (ҚР ҚК-інің 189 бабы)-8 қылмыстық іс,(2016 жылы осы кезеңде -20 іс)

· Салықтық құқық бұзушылықтар (244,245 баптары)- 7 қылмыстық іс ,(2016 жылы -31 іс)

· Бақылау акциздік маркалары мен акцизедлуге жататын тауралардың заңсыз айналымы,акциздерді қолдан жасау (233 бабы – 3 қылмыстық іс),(2016 жылы 4 іс)

· Есірткі заттарының заңсыз айналымы (286,296,297- 3 қылмыстық іс),(2016 жылы 6 іс)

Мемлекеттік кірістер Комитетінің жаңа талаптарына сәйкес, яғни экономикалық тергеу қызметінің тарапынан қылмыстық қудалау шеңберіне заң силайтын кәсіпкерлерді араластырму және олардың ісен заңсыз араласпау мақсатында бірталай іс шаралар атқарылған.

Осының салдарынан әрбір сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелместен бұрын барлық құжаттар егжей тегжейлі ЭТҚ тарапынан зерделеніп, Комитет тарапынан рұқсат алынған соң тіркеу үрдісі қалыптасты.

Бұл жағдай өз кезегінде тергеудің саасын арттырумен қатар, заң силаушы кәсіпкердеоді болмашы оқиғалар бойынша мазаламауды оның нәтиежесінде заңдылықты сақтауды арттырған.Мысалы, салық төлеуден жалтару оқиғалары бойынша қылмыстық істер тек заң күшіне енген салық актісі аяқталған соң ғана тіркелуде. Осы іс шаралар арқасында 2016 жылдың осы кезеңімен салысытырғанда негізіссіз тіркелген қылмыстық істер саны едауір томендеген. Мысалы, былтыр ай сайын 87 іс басталса қазір оның саны 6 есе азайып небарі 15 қана тіркелуде.

Тергеу барысында заңдылық пен сапалықта сақтау арқасында прокуратура тарапынан қылмыстық істердің мерзімін тоқтауды бұзу оқиғалары азайды. Мысаы 2016 жылы 56 қылмыстық іс бойынша мерзімдері тоқтауына орай шешімдер бұзылса, биылғы жылы осы кезеңде осындай істер саны 10 іс қана болып отыр, немесе бұл 5 есеге азайған дұрысырақ көрсеткіш.

Сонымен қатар қысқарған қылмыстық істердің шешімін бұзу оқиғалары былтырғы 36 істен биыл 23 іске дейін, немесе 13 іске азайды.

Қылмыстық істерді аяқтау:

Қылмыстық істерді аяқтау динамикасында оң өзгерістер байқалады. 135 қылмыстық істің есебінен 93 іс аяқталған (61), 68,9 пайызы , (6 аймен 54,2 %), республикалық орташа көрсеткіш 60 %)

Оның ішінде сотқа жолданғаны 56 іс, (43), ақтамау негізінде қысақрғаны қылмыстық іс 37 , (20%), ол негізгі көрсеткіштің 39,8 % , (30,8%), ол аяқталған істің 28,9%, (16,7%).

2017 жылы 3 тоқсанда 32 іс аяқталып, оның ішінде 13 іс сотқа жолданағн, қалғандары ақтамау негізінде қысқарған,- деп айтты Нұрлан Аманкелдіұлы.

Пікір: 0
Пікір қосу