ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Жамбыл облысында химия өнеркәсіптік өнімдері 86,7% құрады

Жамбыл облысында химия өнеркәсіптік өнімдері 86,7% құрады

Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жамбыл облысы бойынша МКД 2017 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы, 2017 жылдың 4-тоқсанының міндеттері» тақырыбында брифинг өтті.

 

Спикер болып Жамбыл облысы бойынша МКД басшысының орынбасарлары Өмірзақов Ерлан Ролланұлы, Шабдар Нұрлан Аманкелдіұлы, Жамбыл облысы бойынша МКД-нің Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Палванова Сағадат Әбдезқызы қатысты.

2017 жылдың 9 айында сыртқы сауда айналымы 987 млн. 023 мың АҚШ долларынқұрады, ал жалпы салмағы 1 млн. 275 мың тоннаны құрады.

Ерлан Ролланұлы айтуынша, 2017 жылдың 9 айында экспорт көлемі 731 млн. 103 мың АҚШ долларын құрап, өз кезегінде жалпы тауарайналым көлемінің 74,1%, жалпы салмағы 969 мың 522 тоннаны құрады.

2017 жылдың 9 айында импорт көлемі 255 млн. 920 мың АҚШ долларын құрап, өз кезегінде жалпы тауарайналым көлемінің 25,9%, жалпы салмағы 305 мың 718 тоннаны құрады. Есепті кезеңде импорттың негізгі тауарлар құрылымы келесі көріністе:

2017 жылдың 9 айындағы импорт:

- Азық-түлік тауарлары 36,9% (оның 88,5 тросниктік қант-шикізаты), аяқ киім, бас киім және галантереялық өнімдер 27,2%, шыны және одан жасалған өнімдер, інжу, қымбат металдар, асыл тастар, бижутериялар 18,9%, химия өнеркәсіптік өнімдер 6,0%, машиналар, қондырғылар, көлік құралдары, приборлар, аппараттар 5,9%.

Есепті кезеңде экпорттың негізгі тауарлар құрылымы келесі көріністе:

2017 жылдың 9 айындағы экпорт:

- химия өнеркәсіптік өнімдер 86,7% (табиғи уран концентраты, сары фосфор, аммофос), текстиль 7,7%, минералдық өнімдер 1,6%, металдар және одан жасалған өнімдер 1,5%, азық-түлік тауарлары 1,2%.

2017 жылдың 9 айында Жамбыл облысы бойынша МКД-нің импорт бойынша негізгі сауда серіктестері:

– Қытай 32,9%, Бразилия 25,1%, Куба 7,5%, Өзбекістан 4,4%, АҚШ 3,3%.

2017 жылдың 9 айында Жамбыл облысы бойынша МКД-нің экпорт бойынша негізгі сауда серіктестері:

- Қытай 55,7% АҚШ 8,7% Канада 8,5% Германия 6,2% Чехия Республикасы 4,7%.

2017 жылдың 9 айында кедендік қатынаста 186 СЭҚҚ (2016 жылдың салыстырмалы кезеңінде – 192 СЭҚҚ) ресімдеу жүргізді. Сонымен бірге КТ мен С жалпы соммасы 6,0 млрд. теңгені (2016 жылдың салыстырмалы кезеңінде – 9,3 млрд. теңге) құрады. Оның ішінде:

- 1 млрд. астам теңге - «ЦАСК» ЖШС – 3,3 млрд теңге. 2016 жылдың салыстырмалы кезеңінде – 2 СЭҚҚ – 7,0 млрд теңге («ЦАСК» ЖШС – 4,9 млрд. теңге, ҚР ҚМ «14157 әскери бөлімі» РММ – 2,1 млрд теңге).

2017 жылдың 9 айында 3 375 кедендік декларация ресімделген. Оның ішіндегі 4 көлік құралдарына арналған кедендік декларация (КҚТД), 1 636 импорттық тауарларға арналған декларация (ТД), 47 транзиттік декларация (ТД), 1 449 экспорттық тауарларға арналған декларация (ТД), жолаушылар кедендік декларациясы (ЖКД) ресімделген жоқ.

Сонымен қатар айта кететін жайт, Департаментпен тәуекелдер бейінін белсендіру және түсіру бойынша жұмыстар үнемі жүргізіліп отырады. 2017 жылдың 9 айында Департаментпен әр түрлі сипаттағы тәуекел бейінінің 4 жобасы жолданды.

 

Өмірзақов Ерлан Ролланұлы ақпаратына сүйенсек, 2017 жылдың 1 қазанынан бастап «АСТАНА-1» ПЖ транзит процедурасы бойынша іске қосылды. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық процедуралар бойынша іске қосу жоспарлануда. Қазіргі уақытта Департамент тиісті компьютерлермен (ОЗУ 4 Гб кем емес) қамтамасыз етілген. Одан бөлек, Тараз қаласының «Әулие-Ата» Халықаралық әуежай өткізу пунктіндегі басқа да бақылаушы органдардың қызметкерлері көрсетілген сипаттағы компьютерлермен жабдықталған.

Өткізу пункті мен «Тараз-КРО» кеден бекетінде қолданушыларды үнемі тіркеу қамтамасыз етілген.

Мемлекеттік бақылаушы органдардың, қойма иелерінің, тасымалдаушылардың барлық қолданушылары (КББ, ТР және ПКББ, декларанттар, МҚКБ, УСҚ, ӨТСҚ, КҚ, Еркін қойма, кеден өкілдері, бекеттің қызметкерлері – 83 қолданушы) «АСТАНА-1» АЖ жұмыс істеу үшін тіркелген.

Тәулік бойы кезекшілікпен жұмыс істейтін Call-орталық құрылды. Жауапты тұлғалардың тізімі МКД-нің интернен ресурстарында орналастырылған,- деп ӨКҚ-де өткен брифинг барысында Ерлан Ролланұлы айтты.

Пікір: 0
Пікір қосу