ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Қазақстанда несие карточкасын пайдалану азайды

Қазақстанда несие карточкасын пайдалану азайды

Ranking сараптама агенттігі жүргізген зерттеулер нәтижесінде Қазақстанда несие карточкаларын қолдану азайғаны байқалып отыр. 2017 жылдың тамыздың соңына қарай айналыстағы несиелік карточкалардың үлесі 13,3 пайыздан 11,1 пайызға төмендеді.

Дереккөз: 7kun.kz

несие карточкасы

2017 жылдың тамыздың соңына қарай айналыстағы карточкалар саны, өткен жылы 7,6 пайызға (1,3 млн бірлік) азайғаннан кейін, бір жыл ішінде 14,6 пайызға (2,2 млн бірлік) өсті.

Оның ішінде пайдаланылған төлем карточкалары 49,7 пайыз болса, 2016 жылы 51,4 пайызды құраған. Ал бір жыл бұрын бұл үлес 51,4 пайыз болған. Белсенді карточкалардың саны бір жыл ішінде 10,8 пайызға (847,4 мың) көтеріліп, 8,7 млн бірлік болды. Бұл көрсеткіш 2016 жылы 12,5 пайызға (869,5) өскен.

Дебет карточкаларының үлесі бір жыл ішінде 81,7 пайыздан 84,8 пайызға (7,4 млн бірлік) өсті.

Несиелік карточкаларды қолдану төмендегені байқалады. Несиелік карточкалардың саны 7,3 пайызға (75,7 мың) азайып, 964,9 мың бірлікті құрады. Қазіргі уақытта айналыстағы барлық несиелік карточкалардың 40,6 пайызы ғана белсенді қолданылады. 2016 жылы бұл үлес 44,1 пайызды құраған.

Пікір: 0
Пікір қосу