ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Тараз қаласында алғашқы рет отбасылық «INZHUFEST» фестивалі өтеді

Тараз қаласында алғашқы рет отбасылық «INZHUFEST» фестивалі өтеді

15 қазан күні іс-шараның ұйымдастырушысы болып отырған «Інжу» мектеп-гимназиясының үлкен аумағында Тараз қаласындағы алғашқы, ауқымды, отбасылық «INZHUFEST» фестивалі өтеді!

 

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Інжу" мектеп-гимназиясының даму директоры Карибаева Айжан Берекетқызы, "Інжу" мектеп-гимназиясының «Жас көшбасшы» үйірмесінің жетекшісі Рамазан Рустам Ерболатұлы айтты.

Айжан Берекетқызының сөзіне сүйенсек, отбасылық «INZHUFEST» мерекесінде қонақтарды қызықты бағдарлама, ата-аналар үшін білім беру саласындағы тренингтер мен шеберлік сыныптары, балалар ойын алаңдары, карусель, аквагрим, тәжірибе жасайтын таңғажайып шоу күтуде. Сондай-ақ, фестиваль қонақтары танымал мейрамханалар ұсынатын тегін дәмнен ауыз тиіп, пайдаға асар түрлі тауарлар сатып алып, бала біліміне байланысты ең жаңа бағдарламалар жайлы біле алады. Іс-шара бүлдіршіндерден бастап үлкен адамдарға дейін қызықты болмақ.Жас аналар балаларымен бірге модель ретінде үлкен подиумда Astanashowroom сән ательесінің жаңа коллекциясын көрсетеді. Қаламыздың үздік жүргізушілері фестиваль бойы қонақтардың көңілін көтеріп, серіктестер ұсынған 40-тан аса сыйлықтарды ұтыс ойынында сыйға тартады. Ал серіктестер қатарына «Arai Plaza» бизнес-орталығы, Тараз қаласы және Жамбыл облысының Қазақстан Іскер Әйелдері Қауымдастығының жастар қанаты «Жас қанаттар», «Астана Park» кинотеатры, т.б.

«INZHUFEST» фестивалінің басты мақсаты – ата-ана мен баланың қызықты әрі пайдалы уақыт өткізуіне тегін алаң ұсыну. Отбасылық қарым-қатынасты нығайту, балаларға ұмытылмас балалық шақтан естелік сыйлау, бала дамуы мен біліміне байланысты жаңа, тың бағдарламалармен таныстыру (мектеп алды бүлдіршіндер болсын, оқушылар, жасөспірімдер болсын).

«Балалардың ең маңызды естеліктері – ата-аналарымен бірге қызықты өткізген уақыттары. Біз фестиваліміздің сүйікті қаламыз Тараздың ерекше бір белгісі болуын қалаймыз. Бұл іс-шара фестиваль форматындағы қаладағы алғашқылардың бірі және де оны жыл сайынғы дәстүрге айналдырғымыз келеді. Алғашқы «INZHUFEST» -тің тақырыбы – күз, алда тағы да осындай көктемгі фестиваль өткізу жоспарымызда бар.» - деп жоба ұйымдастырушысы әрі «Інжу» мектеп-гимназиясының даму директоры Карибаева Айжан Берекетқызы бөлісті.

Сіз де келіңіз! Біздің фестиваль – жан-жақты демалып, ойыңды да, бойыңды да тынықтыратын орын. Кіру тегін!

Пікір: 0
Пікір қосу