ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Ортағасырлық «Саудакент» қалашығының құжаттарына заңдастыру жұмыстары жүргізілді

Ортағасырлық «Саудакент» қалашығының құжаттарына заңдастыру жұмыстары жүргізілді

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Жиынға Сарысу ауданының әкімі Нарбаев Балабек Жанбекұлы хабарлады.

 

Оның хабарлауынша, Сарысу ауданы аумағында орналасқан 47 тарихи-мәдени ескерткіш, оның 37 археологиялық, 2 сәулет (Шоқай Датқа, Бибатыржарма кесенелері), 2 монумент (Данқ монументі, Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған «Ер есімі ел-есінде» монументі), 6 тарихи ескерткіш (Жерлес жауынгерлер ескерткіші, Ықылас Дүкенұлы мемориалы, Жерлес жауынгерлер ескерткіші, Байқадам Қашқынбаев зираты, Шоқай Датқа ескерткіші, Ықылас Дүкенұлы зираты) және 75 археологиялық алдын-ала тізімге алынған тарихи орындар болып табылады.

«ЭКСПО-2017» көрмесі аясында, жергілікті бюджеттен 2 млн. 380 мың теңге қаржы қаралып, ауданымызда орналасқан 3 тарихи- мәдени кесенелерге сілтеме бағыттауыштарды орнату жоспарланып, үстіміздегі жылдың мауысым айында «Шоқай Датқа» кесенесі, «Ықылас Дүкенұлы» мемориалдық кешені, «Саудакент» қалашығына мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ақпараттық тақтайшаларды орналастыру жұмыстары жүргізілді.

Сондай ақ, Жамбыл облыстық «Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы» тарапынан «Саудакент ІХ-ХҮ ғғ.», қалашығына археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ортағасырлық «Саудакент» қалашығының қорғау аймағын белгілеп, жер төлімдерінің құжаттарына заңдастыру жұмыстары жүргізілді.

Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде анықталған археологиялық нысандардың алдағы уақытта сақталуын қамтамасыз ету, музейлендіру мақсатында төбесі жабылды.

Үстіміздегі жылдың тамыз айында Шоқай Датқа кесенесіне қайта жөндеу жұмыстары (расшивка) жүргізілді. Жөндеу жұмыстарын жүргізген Жамбыл облыстық Тараз қайта жаңғырту филиалының « Мастер- Шебер» жұмысшылары қызмет көрсетті. Кесененің ішкі жұмыстары сыланды, әктелінде. Кесененің сыртқы төсеніш тастары қайта қалпына келтірілді.

Елбасының « Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Қазақстанның киелі жерлері» жобасы бойынша аудандағы киелі, тарихи жерлерді анықтап жобаға енгізу үшін Жамбыл облыстық «Әулие ата» гуманитарлық университетінің қызметкерлері мен мамандары ауданымызда туристік саяхатта болды. Қаратау сілімдерінде орналасқан «Жұмбақтас », «Таңбалы тас», «Маятас шатқалы», «Қоянбауыр жотасы» деп аталатын ғажайып көріністі жерлер және Ы. Дүкенұлы, Шоқай Датқа кесенесі, Саудакент ортағасырлық қалашығы , Ынталы су қоймасы , Ақтоғай, Маятас, Ынталы үңгірінің тарихымен терең танысты,- деп айтты аудан әкімі Балабек Жанбекұлы.

Пікір: 0
Пікір қосу