ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Таразда «TARAZ FASHION DAY» байқауы өтеді

Таразда «TARAZ FASHION DAY» байқауы өтеді

Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аралбекова Қарлығаш Әмірқызы айтты.

 

Қарлығаш Әмірқызының айтуынша, Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының бастамасымен ағымдағы жылдың 11 – 14 қарашасында «Рухани қазына» бағдарламасы аясында «Ancient Taraz» Халықаралық туристік форумын өткізу жоспарланып отыр.

Форум Тараз қаласы, Төле би көшесі 98 а мекен жайында орналасқан «ARAI PLAZA» бизнес орталығында өткізіледі.

Форумның негізгі мақсаты - өңіріміздің туристік потенциалын көпшілікке танымал ету, қорытындысында өңірімізге келушілер санын көбейту.

Форум жұмысын ұйымдастыратын - еліміздің туристік оң имиджін, туристік инфрақұрылымды дамыту, оны өзге шетелдерге көрсету бағытында 18 жыл еңбек етіп келе жатқан, Рашида Рашидовна Шайкенова басқарып отырған «Қазақстан Туристік Ассоциациясы» ұйымы айналысуда.

Халықаралық форум аясында 5-бағыт бойынша өткізілетін ақпараттық турлар мен байқаулар өткізілу жоспарланып отыр.

 

Олар:

- Қытай туроператорларына арналған ақпараттық тур,

- Қазақстандық туроператорларға арналған ақпараттық тур

- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт

министрлігімен ұйымдастырылып отырған «Қазақстанның Ұлы Жібек жолы бойынша саяхат» халықаралық фестивалі,

- қолөнершілер көрмесі,

- «TARAZ FASHION DAY» байқауы іс-шаралары өткізілу жоспарланып отыр.

 

Соның ішінде, «TARAZ FASHION DAY» байқауы өтеді.

 

Аталған байқау 3 номенацияда өткізіледі.

Фестиваль аясында облыстық мекеп оқушылары, қолөнер шеберлері және киім тігумен айналысатын облыс тұрғындарының қатысуымен үш номенацияда конкурстар өткізілуде: «Үздік сурет», «Үздік коллекция», «Үздік қолөнер шебері». Бұл конкурстар Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің кәсіпкерлік және білім мекемелерінің тікелей қатысуымен өткізіліп жатыр.

Жюри құрамына халықаралық сарапшылар қатысатын болады. Сол сияқты Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен үздік дизайнерлері өз киім коллекцияларын көпшілік назарына ұсынатын болады.

Жеңімпаздар арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады,-деп сөзін түйіндеді басқарма басшысы.

Пікір: 0
Пікір қосу