ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Қауіпсіз жол – сіздің қауіпсіздігіңіз

Қауіпсіз жол – сіздің қауіпсіздігіңіз

Республикалық акция 2017 жылдың 13 қарашасы күні Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінде ұйымдастырылған «Айқын бол!» насихаттық тақырыптағы брифингтен бастау алды.

Аталмыш шараға облыстық, қалалық деңгейдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып,облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметінің басшылығы республикалық акцияның жүргізілу барысы және 2017 жылдың 10 айы бойынша облыстағы жол-көлік апаттарының көрсеткіштері туралы мәлімет берді.  

Брифинг модераторы ІІД бастығының баспасөз хатшысы Г.Мұхтарқұлова өз сөзінде: «Әр азаматтың жол ережесін сақтауы, ең алдымен оның жеке бас қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан, апта бойы облыс өңірінде өткізілетін республикалық акциядағы үгіт-насихаттық алдын алу шараларын көпшілікке хабарландыруда белсене атсалысуларыңызды сұраймын» деп акцияның маңыздылығын ерекше атап өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарын әріптестік қолдау білдіруге шақырды.  

Сондай-ақ, акция аясында ІІД Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция бөлімімен Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында отбасылық «Қамқор ана» конкурсы ұйымдастырылды. Байқауда командалар жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін білу деңгейі бойынша сынға түсті. Нәтижесінде «Абдиалимовтар отбасы» бас жүлде иеленсе, 1 орын «Өтеповтар» отбасына бұйырды. Ал жүлделі екінші орынды «Сатхановтар» және «Дүйсебековалар» отбасысы өзара бөліссе, 3 орынды «Батырбековтар» мен «Ыдырысовтар» отбасылары еншіледі. 

Республикалық акция барысында«Сіздің жолаушыңыз – бала!», «Студенттік идеялар мен бастамалар жолдағы қауіпсіз қозғалысқа арналған», «Үздік автомектеп», «Жүргізуші, менің өмірімді сақта», «Біз өмірге сенеміз» тақырыптарындағы конкурстар, жол жүрісі қауіпсіздігін сақтауға арналған насихаттық жиналыстар, жастар арасында шығармашылық жұмыстар байқауы, автоконкурстар, мектеп оқушылары арасында сурет салу байқаулары, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болғандарды еске алу іс-шаралары ұйымдастырылады.

Акция 19 қараша күні Жамбыл облысы ішкі істер органдары қызметкерлерінің және тұрғындардың Облыстық қан орталығына қан тапсыру шарасымен аяқталады.

Пікір: 0
Пікір қосу