ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

 Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды, онда өңірде мемлекеттік бағдарламалардың және «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы міндеттерінің іске асырылу барысымен танысады, сондай-ақ, АӨК дамыту мәселелері жөнінде жеке кеңес өткізіп, өңірлік кәсіпкерлермен кездеседі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлады. 

Бақытжан Сағынтаев Таразға келген бойда өңірдің бірқатар әлеуметтік нысандарын аралады.

Премьер-Министр «Арай» шағын ауданының көпқабатты тұрғын үйлерінің құрылысы мысалында өңірде «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдірайымов құрылыстың қазіргі жағдайы мен келешегі туралы баяндады.

Биыл облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 17,7 мың м2-қа 258-ден астам пәтерді пайдалануға беру бойынша төрт жоба іске асырылып жатыр, сонымен қатар ЖТҚ бойынша 922 жер телімі бөлінген. 2018 жылы 13 көпқабатты үй құрылысын аяқтау немесе 1 070 пәтерді пайдалануға беру көзделген.

Жалпы осы жылдың 10 айында Қазақстанда құрылыс қарқынының көрсеткіштері 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға жақсарған. Барлығы 8,8 млн м2 тұрғын үй пайдалануға берілген.

Сондай-ақ, Премьер-Министрге облыста спортты дамыту келешегі туралы баяндалды. Бақытжан Сағынтаев 2 мыңнан астам спортшы күн сайын спорттың түрлі күш қолданылатын түрлері: грек–рим күресімен, кикбоксингпен, таэквондомен, армрестлингпен және т. б. айналысатын «Атлетик» олимпиада резервін дайындайтын оқыту-жаттығу кешеніне барды.

Жамбыл облысында барлығы 46 спорт мекемесі бар, 22 мыңға жуық спортшы жүйелі түрде түрлі спорт түрлерімен айналысады, олардың 14 мыңы — ауылдық спорт мектептерінде жаттығады. Бүгінгі таңда өңір спортшылары ресми халықаралық және республикалық жарыстарда 1 387 медаль иеленген, олардың 577-сі — алтын.

Премьер-Министрге облыстық перинаталдық орталықты аралау барысында өңірде денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды. 2015 жылы халықаралық талаптарды ескере отырып салынған жаңа клиника 200 емделушіге бір уақытта қызмет көрсететін қажетті заманауи жабдықпен жарақтандырылған. 2017 жылы облыстың денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға барлығы 24,2 млрд теңге қарастырылған. Осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 19,6 млрд теңгесі немесе есептік кезең жоспарының 99,7%-ы игерілген.

Айта кетейік, ҚР Премьер-Министрі бұған дейін жұмыс сапарлары аясында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында және Астана, Алматы қалаларында болып қайтты.

 

Дереккөз: https://primeminister.kz

 

 

Пікір: 0
Пікір қосу