ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысында ИИДМБ жобаларының іске асырылуымен танысты

Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысында ИИДМБ жобаларының іске асырылуымен танысты

 Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев өңірдің ірі жүйе құраушы кәсіпорны – ҚР Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан «Қазфосфат» ЖШС Қазақстандағы жалғыз минералды тыңайтқыштар зауытын аралап көрді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлады. 

Химия зауыты ауыл шаруашылығына арналған минералды тыңайтқыштар, жемшөптік фторсыздандырылған фосфаттар өндіреді. Бақытжан Сағынтаевқа өндірістің ағымдағы көрсеткіштері, сондай-ақ экспорт көлемін арттыру туралы баяндалды.   

«Қазфосфат» ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіровтің айтуынша, ИИДМБ аясында 2016 жылы зауытты қайта жөндеу өндіріс көлемін 2 есеге арттыруға мүмкіндік берді. 2017 жылы 300 мың тонна фосфорлы минералды тыңайтқыштар өндірілді, олардың 108 мың тоннасы Қазақстанның қажеттіліктерін 100% қамти отырып, ішкі нарықта өткізіледі.

200 мың тоннаға жуығы Қытай, Ауғанстан, Ресей, Украина, Уругвай, Аргентина елдеріне экспортталады. Румыния, Чехия, Болгария, Иран нарықтарын игеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Келер жылы фосфорлы минералды тыңайтқыштар өндірісі көлемін 500 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған.

Өз кезегінде Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Тимур Жанке ИИДМБ Индустрияландыру картасы аясында 2017 жылы өңірде 1448 жаңа жұмыс орнын құра отырып, 18,8 млрд теңге сомаға 13 жобаны іске асыру жоспарланғанын баяндады. Жыл басынан бері 8,3 млрд теңге сомаға 6 жоба енгізілді, 398 жұмыс орны құрылды.   

Жалпы елімізде биыл 10 айда экономиканың барлық базалық салалары бойынша өндіріс өсімі байқалған. Өнеркәсіп көрсеткіштері өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 7,5% жақсарды, оның ішінде Жамбыл облысы бойынша өсім 1,4% құрады.

 

Дереккөз: https://primeminister.kz

 

Пікір: 0
Пікір қосу