ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » "Jambyl" телеарнасында жаңа басшы

"Jambyl" телеарнасында жаңа басшы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы қызметін атқарған Жасұлан Әбдіxалық «Jambyl» облыстық телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды. 

  Қызметтік жолын осыдан 15 жылға жуық уақыт бұрын аталған телеарнаның тілшісі ретінде бастаған Ж. Әбдіхалық осында редакторлық, дикторлық, аға редактор қызметтерін атқарған. Кейінірек телеарнаның бас редакторы-директордың орынбасарлығы ретінде де жұмыс істеген. Сонымен қатар, "Қазақстан" Ұлттық арнасының, "Хабар" агенттігінің және 24.kz телеарнасының Жамбыл және Ақмола облыстарындағы меншікті тілшісі болып, жағымды жаңалықтарымен жұртшылықты қуантты. 

Ақжолтай хабармен өзінің "Фейсбук" әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөліскен журналист Берік Уәли:

"Қай арнада болмасын өз биігін жоғалтқан жоқ. Ал, соңғы үш жылда үш үлкен саланың баспасөз қызметін басқарып мемлекеттік қызметке төселді. Жасұланның жақсы қасиеті тəуекелшіл. Талай жігіт жүрексінген ОҚО баспасөз қызметіне шақыруымды қабыл алып, Көкшетаудан келіп білек сыбанып кірісіп кетті. Бірлесіп үлкен жұмыстар атқардық.

Одан "Нұр Отан" партиясында нағыз саяси науқанда (Мәжіліс сайлауы) бірге еңбек еттік. Соңғы қызметі Ауыл шаруашылығы министрлігінде баспасөз хатшысы, қоғаммен байланыс басқармасын басқарды. Енді міне журналистикаға қайта оралып, туған жеріндегі теларнаны түлетуге жол тартты.

Ал Жасұлан бауырым, жортқанда жолың болсын! Сенімді ақтап, ұлтыңа, жұртыңа қызмет етуден жалықпа" – деп, жүрекжарды тілегін білдірген.

Пікір: 0
Пікір қосу