ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » GGG энергетикалық сусыны сатылымға шығады

GGG энергетикалық сусыны сатылымға шығады

 Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин энергетикалық сусын шығармақ. Ол "GGG үш есе қуат" деп аталады. Бұл туралы боксшы өзінің инстаграм парақшасында хабарлады.

“GGG үш есе қуат” энергетикалық сусынының құрамында В дәрумені бар. Жаңа сусынның шығуына орай Геннадий Головкиннің командасы промо-ролик те дайындап жатыр.

Энергетикалық сусын 500 миллилитр көлемдегі құтыда шығарылатын болады. Өнімнің нақты қашан сатылымға шығатыны әзірге белгісіз.

Дереккөз: baribar.kz

Пікір: 0
Пікір қосу