ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Қазақ тілін латын қарпіне көшіруге қатысты өзгерістер жаңа жылдан басталады

Қазақ тілін латын қарпіне көшіруге қатысты өзгерістер жаңа жылдан басталады

 Қазақстан жаңалықтары қазақ тілі латын әліпбиіне көшу кезең грамматика Алғашқы үш жылда орфографиялық, орфоэпиялық, граматикалық ережелер жинағы жасалады. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық ғылым академиясының арнайы сессиясында айтылды. Ғалымдардың айтуынша, тілдік ережелер екі есе аз болады. Өйткені латын қарпі қазақ тілінің дыбыс жүйесіне өте жақын. Осы уақытқа дейін бір-біріне қайшы келетін екі тілдік ереже қолданылып келді. «Енді қазақ тілі туралы жаңа заң қыбылданғаннан кейін латын қарпінде жазу, сөйлеу оңай болады», – дейді ғалымдар. Ерден Қажыбек, А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры: – Негізгі жұмыс – бірінші сынақ кезеңіндегі ғылыми зерттеулер. Өйткені жаңадан қазақ тілінің грамматикасын түзеп шығу керек. Тіліміздің негізгі ерекшеліктеріне сүйене отырып, жазылу, айтылу, естілу, оқылу мәселелерін қарау қажет. Қажетті ғылыми негізді қалыптастыруымыз керек. Бұл – өте үлкен жұмыс.
Дереккөз:24.kz

Пікір: 0
Пікір қосу