ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Қазақстанда автомобиль құрастыру артып келеді

Қазақстанда автомобиль құрастыру артып келеді

 Ағымдағы жылдың 10 айында Қазақстанда 15 мыңнан астам көлік құрастырылды, деп хабарлайды ҚазАҚпарат. «Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысында Қазақстанда жалпы құны 115,2 млрд теңгені құрайтын 15014  автокөлік құралы (жеңіл, жүк көліктері, автобустар, арнайы мақсаттағы машиналар және тіркемелер) шығарылды», - делінген «ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы таратқан ақпаратта.

Таратылған мәліметтерге сәйкес, шығарылған көліктердің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңінен 2,7 есеге артып отыр. Жеңіл көліктерді құрастыру 3,3 есеге ұлғайып, 12986 бірлікке жеткен. Аталған көліктердің 72,4 пайызы «Азия авто», ал 27,6 пайызы «СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» кәсіпорнына тиесілі. Есепті кезеңде 545 автобус шығарылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 3,3 есеге артық. Ал арнайы мақсаттағы 182 көлік құрастырылып, өткен жылдағы көрсеткіштен 1,7 есеге жоғары болды. 1117 жүк көлігі құрастырылды. Өңірлік шекте көліктердің 64,1 пайызы Шығыс Қазақстан облысында, 26,6 пайызы Қостанай облысында, 4,1 пайызы Ақмола облысында, 2,8 пайызы Алматы қаласында және 0,03 пайызы Қарағанды облысында шығарылған.

Дереккөз: inform.kz

Пікір: 0
Пікір қосу