ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Талас ауданында «Ry’hani’ jan’g’yry’: ma’deni’et ja’ne o’ner» тақырыбында облыстық семинар өтті

Талас ауданында «Ry’hani’ jan’g’yry’: ma’deni’et ja’ne o’ner» тақырыбында облыстық семинар өтті

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ағымдағы жылдың 21 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Талас ауданы Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығында «Ry’hani’ jan’g’yry’: ma’deni’et ja’ne o’ner» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарды Талас ауданы әкімінің орынбасары Садубаев Қадірбек Рысқұлбекұлы ашып беріп, ұйымдастырушыларға сәттілік тіледі. Алғы сөзді Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «мәдениет және өнер» бөлімінің басшысы Асхат Тажаяқов жалғады.

Семинарда облыстық халық шығармашылығы орталығының білікті мамандары, аудандық мәдениет үйлерінің әдіскерлері «Рухани қазына» кіші бағдарламасы бойынша ақпарат», «Клуб жұмыстарының маңыздылығы», «Мәдени мұра – рухани қазына» тақырыптарында баяндамалар оқыды. Баяндамалардан соң Талас ауданының мәдениет мамандары тәжірибе ретінде шараға қатысушыларға Қуыршақ театрының балаларға арналған «Қызықты әлем» атты мультимедиялық ертегісін және белгілі сазгер Әуезхан Салабековтың шығармашылығына арналған «Бенефис-шоу» ұсынды. Түстен кейін мамандар бір-бірімен мәдениет саласы бойынша түрлі пікірлер мен тәжірибе алмасты.

Сондай-ақ, облыстық халық шығармашылығы орталығының ақпараттық әдістемелік жұмыстар және мониторинг бөлімінің әдіскері Ербол Ағабек «Ақпарат және ақпараттық мәдениет» тақырыбында, орталықтың бағдарламашысы Қайсар Тұрсынбаев «Заманауи бағдарламалар мен құрылғылармен танысу және пайдалану» тақырыбы бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда өтетін мәдени іс – шараларды ұйымдастыру үрдісінің жаңашыл бағыттары мен оларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын үйрету, әдіскерлердің кәсіби біліктілігін жетілдіру, мәдени – көпшілік шараларына жаңа әдіс, тәсілдер мен сахналық технология құралдарын тиімді пайдалану, мәдени жобалардың ақпараттандыру стратегиясын ілгерлету мақсатында өткізілген семинарға облыстық халық шығармашылығы орталығының мамандары, аудандық мәдениет үйлерінің әдіскерлері, Талас ауданы ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың қызметкерлері мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Семинар соңында мәдениет саласының мамандары шара жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Пікір: 0
Пікір қосу