ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Қонаевты еске алу турниріне қатысу үшін Таразға 12 елдің балуаны келді

Қонаевты еске алу турниріне қатысу үшін Таразға 12 елдің балуаны келді

  Таразда мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған ересектер арасындағы еркін күрес бойынша халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ашылу рәсімі «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді.

2007 жылдан бері турнир республикалық деңгейде, ал 2012 жылдан бастап халықаралық деңгейде өтіп жатыр. Былтырғы сайысқа Ресей, Моңғолия, Бразилия, Армения, Грузия, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен келген 150-ден астам спортшы қатысқан еді. Биыл олардың қатарына  Жапония, Польша, Украина, Беларусь, Әзербайжан кірді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш жарыстың мақсаты - Қазақстанның еркін күресін дамыту, жастардың патриоттық сезімін ояту, ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы тапсырмаларды орындау.

Бірінші орынды иемденген спортшы 5 мың доллар алады. Әр салмақ дәрежесі бойынша бірінші орын алған спортшы-жеңімпаздардың жаттықтырушыларына бір мың доллар көлемінде қаржылай сыйақы беріледі. 

Дереккөз: inform.kz

Пікір: 0
Пікір қосу