ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Д.А.Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен халықаралық турнирі мәресіне жетті

Д.А.Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен халықаралық турнирі мәресіне жетті

 2017 жылдың 25-26 қараша күндері «Тараз-Арена» спорт сарайында Еркін күрестен Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевты еске алуға арналған ересектер арасындағы халықаралық турнирі өтті.

Жарысқа Қазақстан Республикасының және алыс-жақын шет мемлекеттердің құрама командаларынан 168 спортшы қатысты (Жапония, Польша, Украина, Ресей Федерациясы, Бразилия, Моңғолия, Грузия, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан). Қатысушылар: 57, 61, 65, 70, 74, 86, 97 және 125 келі салмақ дәрежелерінде сынға түсті.

Жарыстың өткiзiлуiне Қазақстан Республикасы грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясы, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Жамбыл облысының грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясы басшылық етті.

Жарыстың бас демеушісі - «Альтаис груп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

ҚР Ұлттық құрама командасы төмендегідей нәтиже көрсетті:

57 кг салмақта – Қуатбек Мұхамбет (ОҚО)– 3 орын;

61 кг салмақта – Айтқұлов Тимур (Қостанай облысы) – 3 орын;

61 кг салмақта – Санаев Нұрислам (Ақтөбе облысы) – 2 орын;

65 кг салмақта – Аширов Мейіржан (Жамбыл облысы) – 3 орын;

74 кг салмақта – Сақаев Болат (Алматы қаласы) – 2 орын;

86 кг салмақта – Дауланбаев Әділет (Алматы қаласы) – 1 орын;

97 кг салмақта – Ибрагимов Мамед (Павлодар облысы) – 1 орын;

Пікір: 0
Пікір қосу