ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Халықты жұмыспен қамту орталығы жаңа ғимаратқа көшті

Халықты жұмыспен қамту орталығы жаңа ғимаратқа көшті

 Тараз қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы Желтоқсан көшесінде орналасқан орталығы облыс әкімдігі қаржы басқармасының 9 қабатты ғимаратына көшті. Естеріңізде болса, біршама уақыт бұрын бұл жерде №3 емхана жұмыс істеген болатын. Кейінірек №1 Тараз қалалық ауруханасы жаңа ғимаратқа көшуіне байланысты емхана да орын ауыстырған еді. Аз уақыт бос тұрған ғимаратты халықты жұмыспен қамту орталығына беру туралы шешім қабылданып, мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Ғимараттың ағымдағы жөндеу жұмысына 44 554 171,2 теңге жұмсалған. Сондай-ақ, орталыққа жаңа компьютерлеп алынып, кідіріссіз жұмыс істеуге қажетті техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұдан бөлек, ғимаратта күту залы, балалар ойын залы мен мәжіліс залына арналған бөлмелер қарастырылып, мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалған.

  Бүгін жөндеуден өтіп, орталықтың қажеттіліктеріне сай ыңғайластырылған нысанның ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков арнайы қатысты.

– Бүгін Тараз қаласының халықты жұмыспен қамту орталығын ашып отырмыз. Бұл орталық 2018 жылдың 1 қаңтарыннан бастап толық режимде жұмыс істейтін болады. Орталықтың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жұмыссыз ретінде тіркелген тұрғындарға, студенттер мен қарапайым халыққа тегін қызмет жасау. Бүгінгі таңда жұмыспен қамту орталығымыз сіздермен жұмыс жасауға дайын, – деді Бекболат Серікбекұлы ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.

Аталмыш орталық облысымызда 2011 жылдың шілде айында құрылған. Мекеменің негізгі мақсаты «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 3 бағыты бойынша жұмыс жүргізу. Атап айтқанда, тұрғындар мұнда бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бағыттары бойынша қызмет ала алады. Бұдан бөлек, орталықта азаматтарды жұмыс іздеуші және жұмыссыз ретінде есепке алып, қала бойынша тұрақты жұмыс орындарына жолдамалар береді.

Пікір: 0
Пікір қосу