ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Тараз қаласында «Ұлы даланың Ұлы перзенті» атты кітап көрмесі өтті

Тараз қаласында «Ұлы даланың Ұлы перзенті» атты кітап көрмесі өтті

 Жамбыл облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Ұлы даланың Ұлы перзенті» атты кітап көрмесі өтті. Сондай-ақ,  Елбасы туралы жазылған кітаптар авторларымен кездесу ұйымдастырылды. Салтанатты шараның басты мақсаты  қоғамда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ҚР-сы мемлекетін құрудағы тарихи рөлін, тәуелсіз мемлекет құрудағы еңбегін өскелең ұрпаққа таныстыру.

 Аталмыш шараға Жамбыл обылысының әкімі Кәрім Көкірекбаев, Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай  Аяған, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Қайнар Олжай, Журналист, жазушы  Айтбай Сәулебектегі,  «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, Қазақстан жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреат Қанат Әуесбай секілді ірі тұлғалардың қатысты. Кездесуді  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры  Махметғали Сарыбеков ашып, жүргізіп отырды.

Сонымен бірге, шараға облыстық мәслихаттың депутаттары, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, зиялы қауым, этно-мәдени орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жоғары оқу орындарының профессорлары мен мұғалімдері, жастар көшбасшылары шақырылды.

Көрме соңында қатысушыларға Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың және Президент туралы жазған авторлардың кітаптары ұсынылды.

Пікір: 0
Пікір қосу