ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Қазақстандық спортшы пара жүзуден әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы пара жүзуден әлем чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Наталья Звягинцева Мексикада пара жүзуден әлем чемпионы атанды. Дереккөз: baq.kz

Пара жүзу чемпионы
©baq.kz

Қарағандылық Наталья Звягинцева Мексикада өтіп жатқан әлем чемпионатында 50 метр қашықтыққа арқамен жүзуден І орын алды. Бұл – Қазақстан тарихында осы спорт түрінен әлем чемпионатында алған алғашқы алтын. Бұдан басқа, Звягинцева Азия рекордын да жаңартты.

Айта кетейік, Мексикада желтоқсанның 2-сі пара жүзуден әлем чемпионаты басталды. Жарыс 7 желтоқсанға дейін жалғасады.

Қазір Қазақстан қоржынында бір алтын және екі күміс медаль бар. Паралимпиада чемпиона Зүлфия Ғабидуллина 100 метр қашықтықта су стилінен және Роман Агалаков 100 метр қашықтықта баттерфляй стилінен екінші орын алды.

Дереккөз: baribar.kz

Пікір: 0
Пікір қосу