ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Бүгін Индустрияландыру күні өтеді

Бүгін Индустрияландыру күні өтеді

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру күніне орай жалпыұлттық телекөпір өтеді. Онда 27 нысан іске қосылады деп жоспарланған. Дереккөз: 24.kz

Индустрия
©unikaz.asia

Телекөпір барысында еліміздің әр аймағында жаңа зауыттар мен фабрикалар сынды бірқатар жаңа озық технологиялы өндіріс орындары іске қосылады.

Соңғы 7 жыл ішінде Индустрияландыру картасы аясында 5 жарым трлн теңгеге мыңнан астам жоба қолға алынып, 101 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Ал соңғы 9 ай ішінде 800 млрд теңгеге 52 жоба іске қосылып 4 жарым мың азамат жұмысқа орналасты.

Бүгінде әлемнің 112 мемлекетіне қазақ тауарларын жөнелтіп отырмыз.

2017 жылдың соңына дейін шамамен 10 мың тұрақты жұмыс орны құрылып құны 700 млрд теңгенің 80-нен астам жобасын іске қосу жоспарланып отыр.

Дереккөз: baribar.kz

Пікір: 0
Пікір қосу