ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Нұржан Сейдуәлі джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Нұржан Сейдуәлі джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

 

Әлем чемпионатында Нұржан Сейдуәлі 56 килограммға дейінгі салмақта бақ сынасты. Дереккөз: Inform.kz

Нұржан Сейдуәлі
©Inform.kz

Джиу-джитсудан әлем чемпионаты Колумбияның Богота қаласында өтті. Оған 36 елден 350 спортшы қатысты. Нұржан Сейдуәлі 56 килограммға дейінгі салмақта бақ сынасқан болатын.

Жерлесіміз үш жекпе-жекке шыққан. Біріншісінде канадалық қарсыласын 5:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда Израильден келген спортшымен белдесіп, қылқындыру әдісі арқылы тізе бүктірді. Ақтық сайыста Бельгиядан келген қарсыласын да сан соқтырды. Осылайша ел қоржынына алтын жүлде салды.

Қазақстан құрамасы барлығы бір алтын, екі күміс және төрт қола медаль ұтып, жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді.

Дереккөз: baribar.kz

Пікір: 0
Пікір қосу