ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Ауа райының болжамы: Бүгін қар жауады

Ауа райының болжамы: Бүгін қар жауады

Бүгін еліміздің бірнеше аймағында қар жауып, жел күшейеді. Тұман түсіп, көктайғақ сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Ауа райы
Көрнекі сурет

Ақмола облысында тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының бірқатар аймақтарында тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында жел 15-20 м/с күшейіп, Маңғыстау облысында екпіні 23 м/с болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болуы мүмкін.

Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аудандарында тұман болады.

Дереккөз: baribar.kz

Пікір: 0
Пікір қосу