ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Мәжіліс депутаты Қазақстанда «Нан күнін» атап өтуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Қазақстанда «Нан күнін» атап өтуді ұсынды

 Парламенттің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Владислав Косарев Қазақстанда «Нан күнін» атап өтуді ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. «Халық коммунистері фракциясының депутаттары еліміздегі барлық еңбек ерлері секілді нан өндірушілердің еңбегіне жоғары бағалайды.

Біз механизаторлардың, аграрлық ғылым қызметкерлерінің, элеваторлар мен ұн өндірушілердің, наубайханашылардың еңбегін елеуге шақырамыз», - деді Владислав Косарев Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахмет пен ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы аттарына жолданған депутаттық сауалында. Оның айтуынша, Қазақстан 100 миллион адамды нанмен қамтамасыз ете алатын мемлекет. «Италияда «Қызанақ күнін», Грекияда «Шарап күнін», «Голландияда «Қызғалдақ мен ірімшік күнін» атап өтеді. Ал Германияда «Сыра күнін» тойлайды. Ал біз жыл сайын елімізде «Нан күнін» атап өтуді ұсынамыз. Дәл осы күні барлық нан өндірушілер мен сатушылар халықты нан беріп сыйлайды. Ал әрбір наубайхана өз өнімінің сапасын көрсете алады. Осы арқылы өнімдерге көпшілік қоғамдық баға бере алады. Билік өкілдері бұл күні қарттар мен науқастарға барып, сыйлыққа нан мен нан өнімдерін сыйлай алады. Нан мен бидай өнімдерінің қоғамдағы маңызын осылай білдіре аламыз», - дейді депутат. Владислав Косарев халық мұндай мерекеге құрметпен қарайтынын, шараның өтуіне бастамашылық танытуға дайын екендігін жеткізді.

Дереккөз: inform.kz

Пікір: 0
Пікір қосу