ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Жамбыл облысы ТЖ департаменті жаңа жыл мерекелері кезінде қауіпсіздік жайлы брифинг өткізді

Жамбыл облысы ТЖ департаменті жаңа жыл мерекелері кезінде қауіпсіздік жайлы брифинг өткізді

 Жамбыл облысы ТЖ департаменті жаңа жыл мерекелері кезінде қауіпсіздік жайлы брифинг өткізді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жаңа жылдық пиротехника және қауіпсіздік» туралы брифинг өтті. Брифингке төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығыазаматтық қорғау полковнигі Әкімбаев Мақсат Әшірбайұлы, Жамбыл облысы ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметі бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Байсеркенов Мұрат Кәрімұлы, Өрт саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары Жатқанбаев Мадияр Бахытұлы қатысты.

Мақсат Әшірбайұлының айтуынша, жаңа жыл мерекелері шындығында да қуанықша ұласып, күткен армандарыңыз орындалу үшін Жамбыл облысы ТЖ департаменті тұрғандардың назарына жаңа жыл мерекелері кезінде орындауға тиісті талаптарды ұсынады. Олар қарапайым және өте оңай.

Жаңа жылдық мейрамды ұйымдастыруға және өткізуге қажет кейбір өрт қауіпсіздігі ережелері:

· кемінде екі көшіру жолымен қамтамасыз етілген, жобалау нормасының талаптарына жауап беретін, терезелерінде темір торлары жоқ және 2 қабаттан аспайтын ғимараттарды пайдалануға болады;

· бөлмеде электрлік жарықтандыру болмаған жағдайда іс-шаралар күндізгі уақытта өткізілуі тиіс;

· шыршалар орындарында мықтап бекітіліп, бұтақтары қабырғалары мен төбеге тимейтіндей есепте орналастырылуға және ғимараттан шығарғанда қиындық туғызбауға тиіс;

· шырша иллюминациясы тек элетрқондырғылары құрылымдарының техникалық нормаларына (бұдан әрі - ЭҚТН) сәйкес келуі қажет. Шыршаға электр жарықтандыру торабын пайдаланғанда төмендету трансформаторы болмаса, онда тек тізбекті гирляндтарды пайдаланып, ондағы шамдардың кернеуі 12 В, қуаты 25 Вт аспауы тиіс;

· іс-шаралар өткізу кезінде залда, сахнада жауапты тұлғалардан кезекшілік ұйымдастыру қажет. Іс-шаралар өткізілетін орындар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Тыйым салынады:

· терезе торлары ашылмаған ғимараттарда іс-шаралар өткізуге;

· бөлмелердің шығу есіктерін әртүрлі заттармен бөгеуге;

· доңғалды прожекторларды, білтелер мен ұрғыштарды қолдануға, өрт тудыруы мүмкін фейерверк және басқа да жарықтық өртке қауіпті эффектілерді орнатуға;

· шыршаларды целлулоидты ойыншықтармен, сондай-ақ оттан қорғау құрамы сіңірілмеген дәке және мақтамен безендіруге;

· балаларды тез түтанғыш материалдардан тігілген киіммен киіндіруге;

· отты және басқа да жарылу және өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізуге;

· бөлме терезелерін қараңғылауға;

· қатарлар арасындағы өту жолының енін қысқартуға және өту жолдарыда қосымша креслолар мен орындықтар қоюға;

· бөлмеде қойылым немесе көрсетілім жүріп жақан кезде жарықты өшіруге;

· бөлмелерге белгіленген нормадан тыс адамдар кіргізуге.

Бөлме ішінде пиротехникалық бұйымдарды қолдануға қатаң тыйым салынады. Сертификатталған приотехникалық бұйымдарды ғимараттарға қауіпсіз қашықтықта қолдануға болады. Пиротехникалық бұйымды қауіпсіз қолдану тәртібі оның нұсқаулығында немесе қорабында көрсетілген.

Өрт қауіпсіздігі талаптарында пиротехникалық бұйымдарды тарату тәртібі регламенттелген. Оларды сату тек қана мамандандарылғын дүкендерде (бөлімдер, секциялар) рұқсат берілгендігін есте сақтаңыздыр. Әрбір пиротехникалық бұйымға сәйкестігі туралы сертификат және мемлекеттік және орыс тілдірінде оларды қауіпсіз қолдану тәртібі көрсетілген нұсқаулық болуы тиіс.

Қолдан жасалған және сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды қолдануға қатаң тыйым салынады. Базарлардың жалпы сақтау қоймаларында және басқа да саладағы сауда ғимараттарында приотехникалық бұйымдарды сақтауға жол берілмейді. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы оқушыларғы жарықты дыбысты эффектісі бар пиротехникалық бұйымдарды қолдануға қатаң тыйым салынады. Егер Сіздер жоғарыда аталған талаптарды сақтасаңыздар жаңа жыл мерекелері ешбір қайғысыз жағдайда өтетді және мейрам күтпеген қолайсыз жағдайға әкеп соқпайды, ал Жаңа жыл тек қана жақсы естеліктермен басталады,- деп баяндады Мақсат Әшірбайұлы.

Пікір: 0
Пікір қосу