ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады – Айдын Айымбетов

Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады – Айдын Айымбетов

Бұл туралы ғарышкер-ұшқыш, «Қазақстан Ғарыш сапары» Ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетов Ақтөбедегі сапары кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.

Авиация генерал-майорының сөзіне қарағанда, Қазақстан «Байқоңыр» Ғарыш айлағындағы «Бәйтерек» ғарыш-кешенінде Ресеймен бірлесіп экологиялық таза жанармай - «керосин-кислородтың» көмегімен зымырантасығышын құрастырып жатыр.

«Қазіргі кезде Ресей алты орындық ғарыш кемесін дайындап жатыр. Қазақстан жерінен ғарышқа сапар жасайтын ғарышкерлер құрамында міндетті түрде қазақстандық ғарышкер болады. Мұндай жауапты істі атқаруға әрқашанда дайын тұратын мамандар табылады, ондай адам бізде көп», - дейді Айдын Айымбетов.

Естеріңізде болса, Айдын Айымбетов өзі «Союз-ТМА-18М» ғарыш кемесімен 2015 жылы 2 қыркүйекте ұшқан болатын.

Дереккөз: baribar.kz

Пікір: 0
Пікір қосу