ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Көне Тараз- тарихтың алтын діңгегі

Көне Тараз- тарихтың алтын діңгегі

 Ұлт көшбасшысының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Байзақ аудандық сотының қызметкерлері мен белсенді қоғам мүшелері Көне Тараз қалашығында болып, тарихи – мәдени ескерткіштерімен танысып қайтты. Іс – шара туған жерге деген патриоттық сезімді күшейту негізінде көне Тараз қаласының мәдени құндылықтарын тереңірек тануға бағытталып отыр.

Туған жердің тарихын тану, тереңіне бойлау бүгінгі әр азаматтың борышы. Осыған орай, құқық қорғау мамандары Көне Тараз қалашығымен танысып, кеңінен насихаттауды қолға алды. Жиналғандар арасында ақын да, белсенді жастар мен аудандық мұражай қызметкерлері де бар. Іс – шараны бастап келген аудандық сот төрағасы жиынның маңыздылығын айтып, қоғамдық сананы жаңғыртып, өткенді ұмытпау қажеттілігін атап өтті.

Ерғазы Тілеубеков, Байзақ аудандық сотының төрағасы

Бұл іс- шара Елбасының халыққа жолдаған бағдарламасына байланысты еліміздің тарихи құндылықтарымен таныстыру аясында жиналып отырған әріптестермен патриоттық сезімдерді оятсақ деген бағытта өткізіп отырмыз

Мұражайдағы қазба жұмыстары барысында табылған тарихи жәдігерлер, заттай қойылған деректер, қатысушыларға тарихты кеңінен тануға мүмкіндік берді. Бастысы, бұл біздің рухани құндылығымыздың қайнар көзі. Жергілікті ақын – сазгер Қасқырбай Нарбатыр саяхаттың ерекше екенін айтып, өлең жолдарын арнады.

Қасқырбай Нарбатыр, ақын

  Туған жердің әр тасы мен әр талы,Жанға ыстық өзен-көлі, нар тауы. Елбасының мақаласы маңызды, Шын мәнінде ұлттық болмыс арқауы.

Өркениет көшінің алдыңғы легіне апаратын жаңа бастамалар қашанда көпшіліктің қолдауы мен ықыласына бөленеді. Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіру басты кезекте.

Пікір: 0
Пікір қосу