ZhambylNews - Первое информационное агентство области

» » Аймақ басшысы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарымен жүздесті

Аймақ басшысы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарымен жүздесті

  Бүгін облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарымен кездесті.

Өздеріңізге белгілі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына халық қалаған, аймақ қолдаған тұлғалар ұсынылған болатын.

Республика бойынша бір мыңнан астам адам қатысып, бір жарым миллионға жуық дауыс берілді.

Жалпыұлттық онлайын дауыс беру арқылы Қазақстан 102 жаңа есімді анықтады.

Ал Жамбыл облысы бойынша 86 өтініш келіп түсіп, олардың 12-і республикалық кезеңге жолдама алып, оның ішінен 8-і «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары қатарына енді.

Жүздесуде сөз алған аймақ басшысы бағдарламалық мақалада көрсетілгендей бәсекеге қабілетті ұлт болып қалыптасудың маңыздылығына тоқталды.

- Ел Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында бәсекеге қабілетті ұлт болып қалыптасудың кезекті қадамдарын белгілеп берді. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, жаңғырудың негізгі 6 бағытын айқындады. Мұның барлығы біз үшін өзекті және заман талаптары.

 Бүгінгі күні облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасын сапалы іске асыру бойынша пәрменді шаралар қабылданған.

Өңірлік Жобалық офиспен «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен» кіші бағдарламалар бойынша 73 жоба енгізілді.

«Руханият» орталығы ашылып, 8 жаңа өлкетану маршруты жасалды, оған 34 мың оқушы мен студент тартылды.

Барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы «Рухани жаңғыру» тақырыбымен басталды.

Рухани жаңғыруға негіз - біздің өңір тарихында ежелден бар өнеге.

Оның дәлелі ретінде Елбасының бастамасымен Астанадан бастау алып, 2 мың жылдан астам тарихы бар көне Тараз жерінде жалғасқан Қазақ хандығының 550 жылдығын айтуға болады.

Қазақ хандығының 550 жылдығы - тарихымызда ұлттық код екені анық.

 «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына облыстың 8 киелі орны анықталып, ұсынылды – деді Кәрім Көкірекбаев.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Өңірлік жобалық офистің интерактивті кабинеттерінің тұсаукесер рәсімі болды.

Айта кетерлігі, аталған интерактивті кабинеттер 4 бағыт, яғни «Тәрбие және білім», «Рухани қазына», «Атамекен» және «Ақпарат толқыны» бойынша жұмыс жасайды. Онда әр кабинеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ: халықты латын әліпбиіне үйрету, өңірдің киелі жерлерімен және еріктілердің атқарып жатқан жұмыстарымен танысу, сондай-ақ «100 жаңа есім» жобасына енген адамдардың жетістіктерін көру сынды ерекшеліктері бар.

Пікір: 0
Пікір қосу