Марат Сәрсенбаев пен Владимир Фоос қызметінен кетті

0 0

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсенбаев пен Владимир Фоос мерзімінен бұрын қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсенбаев пен Владимир Фоосты қызметінен босату туралы шешімді қабылдады.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ОСК мүшелеріне алғысын білдірді.

«Марат Сәрсенбаев пен Владимир Фоос екеуі де ұзақ жылдар бойы Орталық сайлау комиссиясында жұмыс істеді. Депуттардың атынан сіздерге алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз», — деді ол.

Кейін Нұрлан Нығматулин оларға алғыс хаттарын табыстады.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.