Желіде екі вагонның арасында қысылып қалған адамның видеосы пайда болды

0 4

Әлеуметтік желіде екі жүк вагонның арасында қысылып қалған адамның видеосы пайда болды. Кейіннен оның мерт болғаны белгілі болды.

Сөйтсе марқұм Жезқазғандағы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС байыту фабрикасының жұмысшысы боп шықты. Видео Instagram желісіндегі shock.krg паблигінде жарияланды.

Онда арнайы киім киген ер адамның жүк толы екі вагонның арасында қысылып қалғаны көрінеді. Нәтижесінде ер адам вагондардың арасында қысылып қалып, құлап кетеді. Төтенше жағдай Жезқазғанда кен байыту фабрикасының аумағында болғаны белгілі болды.

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС баспасөз қызметіндегілер осы жағдайға қатысты түсінік берді. «Биыл 19 желтоқсанда Жезқазғандағы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС байыту фабрикасы аумағында қайғылы жағдай болды. Қаза болған жұмысшы «Tranco Zhezkazgan» ЖШС мердігерлік ұйымында қызмет етті. Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Тengrinews.kz.

Сондай-ақ, ведомстводағылар осы оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссияның құрылғанын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.