Қанат Ислам WBO рейтингісі бойынша екінші орынға көтерілді

0 5

Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBO) жаңартылған рейтингісі жарияланды. Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам бұл рейтингте бір саты жоғары көтерілді. Дереккөз: Inform.kz

WBO жаңартылған рейтингіcі бойынша бірінші орында британдық Лиам Смит тұр. Ал бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) бір саты жоғары көтеріліп, екінші орынға жайғасты.

Үшінші орында WBO (International) белбеуінің иегері, ресейлік боксшы Магомед Кубонов тұр.

Еске сала кетейік, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша боксшы WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

Дереккөз: baribar.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.