Елбасы мұғалімдердің жалақысын 30% көбейтуді тапсырды

0 3

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында жаңартылған мазмұнға көшкен мұғалімдердің жалақысын 30 %-ға көйбейтуді тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 30 %-ға көбейтуді тапсырамын», — делінген Жолдауда.

Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Мұндай жаңашылдық балаларға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.

Сонымен қатар Елбасы 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырды.

«Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 %-дан 50 %-ға дейін өседі. Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет», — делінген ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолауында.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.