Синоптиктер аяз күшіне енетінін айтты

0 0

Синоптиктер 11-13 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын жариялады.

 

Қазгидрометтің хабарлауынша, бейсенбіде еліміздің басым бөлігінде қатты жел тұрып, қар жауады. Табиғаттың бұл қыңыр мінезі үш тәулік бойына сақталып, еліміздің батысынан солтүстік-батысқа, орталық пен шығыс өңіріне қарай ойысады.

Жылымық желдің салдарынан оңтүстік пен оңтүстік шығыста көктайғақ болады.

Сондай-ақ синоптиктер солтүстіктен скандинавия жартылай аралынан ойысқан циклон ең бірінші еліміздің шығысы мен оңтүстігіне келіп жететінін айтады. Соған байланысты 13-қаңтардан бастап елімізде күн қатты аяздайтын болады.

Дереккөз: 365.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.