Мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді

0 1

Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы дүйсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондонның ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,42 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 69,03 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпан айында жеткізілетін фьючерстері 0,12 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 63,49 доллар болды.

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.