Енді қазақстандықтар учаскелік полицеймен онлайн байланыса алады

0 0

ІІМ елімізде учаскелік полицейлердің ақпараттық дерекқоры мен азаматтардың өтінішін қабылдайтын онлайн-алаң құруды, полицейлерді планшетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ІІМ үш инвестициялық жобаны ұсынып отыр. Біріншісі – полиция инспекторларының ақпараттық дерекқорын құру. Бұл жоба бойынша полиция инспекторы тұрған жеріне не уақытқа қарамастан қолындағы планшетімен орталықтанған ақпараттық базаны қолдана алады», — деді ол.

Ішкі істер министрі мұны былай деп түсіндірді: құқықбұзушылық болғанда жедел сол жерде бұзақыны тексеріп, әкімшілік өндіріс ісін электронды нұсқада толтыра алады. Бұдан бөлек, дерекқорда қызмет көрсеткен әкімшілік учаскесі туралы мәліметтер тұрақты түрде жаңарып тұрады.

«Азаматтар өз инспекторлық учаскесімен онлайн режимде байланыса алатын интернет-алаңды құру жоспарланып отыр. Мұнда азаматтар өтініштерінің орындалу барысын қадағалап отырады, тұратын ауданында болған істер туралы таныса алады және белгілі құқықбұзушылық оқиғалары туралы хабарлап, ұсыныс білдіре алады», — деді Қалмұханбет Қасымов бүгінгі Үкімет отырысында.

Ол жобаның жалпы құны 2,7 млрд теңге болатынын да мәлімдеді.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.