Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қатты аяз болады

0 4

«Қазгидромет» РМК 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

 Антициклонның әсерінен Қазақстанның кей облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек батыстың, солтүстіктің кей жерінде аздаған жауын-шашын күтіледі. Мұнымен қатар, республиканың кей жерінде желдің күшеюі, тұман, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облысының кей жерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде өте қатты аяз болатындығы болжануда.

Дереккөз: baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.